Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
«ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсы
«ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсы

Ағымдағы жылдың 6 тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған шарт шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері үшін жұмыстан қол үзбестен пәндік курсты игеру бойынша «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсының 2-кезеңі басталды, оның мақсаты өз пәнін ағылшын тілінде оқыту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс «ХХІ ғасыр педагогы» атты авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.  

«ХХІ ғасыр педагогы» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде іске асырылады және тіл меңгеру деңгейін жетілдіру үшін және оқыту әдістемесін қолдану дағдыларын жақсарту үшін оқытудың біріктірілген тәсілін қамтамасыз етеді.

Курстар облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Шымкент, Балқаш, Сәтпаев, Жаңаөзен, Семей және Кентау қалаларында өткізіледі.

Бұл кезең 72 академиялық сағаттан тұрады.

Пәндік курс аудиториялық сағаттардан ғана тұрады және оқыту процесіне толықтай беріле отырып, аптасына 6 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізіледі. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылар емтихан тапсырды, оның нәтижелері бойынша тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификаттарды алады.

Пән (биология, химия, физика, информатика) мұғалімдері тілдік құзіреттілікті оқыту курсы аяқталғаннан кейін:

- өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгерді;

- оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыратын ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игерді;

- ағылшын тілін оқытуға арналған пәндік-тілдік біріктірілген оқыту (CLIL) әдістемесін пайдаланады;

- оқытудың инновациялық әдістерін игерді.

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz