Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ
Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есепті кездесуінің қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Биылғы жылы білім беру гранттары ҰБТ сертификатының ұпайларына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде берілетін болады. 13 шілде күні білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдау басталды. Алғашқы 4 күннің ішінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден 28 430 өтініш қабылданған, оның ішінде 26 202 өтініш толық бағдарлама бойынша оқуға берілсе, 2 228 – техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітірушілерінен қысқартылған мерзімде оқу үшін ниет білдіргендер. Конкурсқа өтініштерді қабылдау жалғасуда және 20 шілде күні аяқталады», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарын беру "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесі негізінде жүзеге асырылады. «Барлығы жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді. Бұдан басқа, биылғы жылы қосымша 5 мың грант бөлініп отыр, оларды жергілікті атқарушы органдар да конкурстық негізде береді», - деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетсек, 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі өткен болатын.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz