Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
ҚР БҒМ мен Beeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды
ҚР БҒМ мен Beeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды

2019 жылғы 29 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Beeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды. Құжатта білім беру саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық, индустриялық-инновациялық даму, цифрландыру мәселесі, технологиялық шешімдер, арнайы тарифтік ұсыныстар, бірлескен ақпараттық және басқа да іс-шараларды өткізу қарастырылған. Меморандумның іске асырылу уақыты – созу құқығымен қоса үш жыл. Қол қойылған құжат ынтымақтастық аясын кеңейтуге септігін тигізетіндігіне екі жақ та сенімді.
  
«КЛАССный» тарифтік жоспары интернет-трафикке ақша төлемей-ақ Қазақстан бойынша электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді. 

«Біз Beeline компаниясына білім саласын цифрландыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл – бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Тарифтік жоспар мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бұл тариф арқылы электронды журналды қолданушылар интернет үшін бір теңге де төлемейді», - деді вице-министр.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz