Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
Тоқаев үштілділік жайлы: Бірінші қазақ және орыс, сосын ағылшын тілі
Тоқаев үштілділік жайлы: Бірінші қазақ және орыс, сосын ағылшын тілі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үштілділік бағдарламасына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

"Бұл - өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", - деді Қазақстан Президенті.

Бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиев осыған дейін 2019 жылы 13,5 мың мектеп мұғалім төрт пән бойынша ағылшын тілінде сабақ бере бастайтынын айтқан еді. 

Фото: www.akorda.kz

Ақпарат көздері:  www.kaz.tengrinews.kz