Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
Наурыз. Ғарыш. NIS
Наурыз. Ғарыш. NIS

Жастар жылы аясында Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының IX Наурыз кездесулері өтті. Биылғы жылдың тақырыбы – «Ғарыш. Ғылым. Интеллект».

Дәстүр бойынша жас ғалымдарға арналған үлкен ғылыми алаңда республика бойынша Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің 200 астам оқушысы қатысты.

Алғаш рет Наурыз кездесулері Байқоңыр ғарыш айлағынан бастау алды. 15 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00.14 Назарбаев Зияткерлік мектептері делегациясы «Союз» пилотты кеменің ұшырылымына қатысып, тамашалады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов шараның құрметті қонағы болды.

Наурыз кездесулері шетелдік және қазақстандың ғалымдардың дәрістері форматында өтті. Биылғы жылдың басты спикерлері NASA мен SpaceX-тің ғарыш жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жөніндегі әлемдік сарапшы Майкл Лутомски, NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапан және ғарышкерлерді даярлайтын Еуропалық орталықтың қызметкері Игорь Дроздовский болды. 

Ғарышкерлермен өткен кездесу Наурыздың басты оқиғасына айналды. Жас зерттеушілер ұзын соңар кезекке тұрып, ғаламшарды бағындырған атақты тұлғаларға сұрақтарын қойып, жауап алды. Ғарыш батырлары оқушылардың жұмыстарымен танысу барысында жастардың ғылыми әлеуетін жоғары бағалап, маңызын атап өтті.

Ғылыми жобалар байқауында НЗМ оқушыларының аэроғарыштық инженерия тақырыбында 80-ге жуық зерттемелері таныстырылды. Олардың ішінде аспан денелерінің және ғарыш аппараттарының 3D модельдері, орбиталық станциялардың жобалары, әмбебап борттық құрылғылар, көпфункционалды зымырандар, ғарыштық прототиптердің ассистенті және инновациялық технологияларды қолдану жобалары бар. Жас өнертапқыштар халықаралық ғарыш станциясын қоқыстардан қорғау және тазарту, ғарышкерлерге – тамақ, медицина және арнайы техника үшін жағдайды оңтайландыру мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Бірнеше бағыттағы жеті жобаның авторлары Наурыз кездесулерінің жеңімпазы болып аңықталды. Олар Астана қаласындағы мектептерінің оқушылары Ерасыл Тәуекел мен Рахат Жакиенов («Көпмәртелік ғарыштық жүйе және «Импульс» зымыран ұшыру кешені» жобасымен), Альнур Акчурин («Ғарыш жағдайында өсімдіктерді өсіру агрогелі» жобасымен), Алихан Талипбаев («Smart colonization» жобасымен), сондай-ақ, атыраулық Амир Альжаксин («Жасанды салмақсыздықты қалыптастыру мақсатында 3d клиностатты модельдеу» жобасымен), қостанайлық Даниил Округ   («Толықтырылған шынайлылық технологиясын қолдану арқылы математикалық модельдеу және физикалық үдерістер мен құбылыстардың визуализациясы» жобасымен), Орал қаласынан Ақылбек Мақсұтов (Ғарыш кемесіндегі тіршілікті қалыптастыру жүйесінде ExRCH4 реакторы» жобасымен) және алматылық Асылбек Сәкенов пен Данил Прохоренко (Ғаламшараралық аппараттарды зерттеу арқылы аспан денелерінің 3D моделін әзірлеу» жобасымен). Жеңімпаздарға Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің гранттары табысталса, Ақылбек Максұтов және Қызылорда қаласынан жүлдегер Қадырхан Ағыбаев Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім грантына ие болды.

Наурыз кездесулерінің ұшу алаңынан жас ғалымдар В.Чаломей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінің және Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен арнайы өткізілген шебер сыныптарында өздері құрастырған зымырандарды көк аспанға ұшырды.

Үшінші күні қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған оқушылар Қызылорда облысының көрнекі жерлерін аралады. Қорқыт Ата мемориалды кешенімен танысқан делегаттар Байқоңырдағы ғарыш айлағы мұражайы, «Буран» орбитальды кемесі, Королев пен Гагарин үйлерін және әлемдегі алғаш рет адамды ғарышқа аттандырған Гагарин стартында болды.

Фото: ашық көздерден

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz