Мәзір
Түркістан облысы
KZ RU
Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Кіру
Басты Жаңалықтар
Жас зерттеушілер – ғылым болашағы
Жас зерттеушілер – ғылым болашағы

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2018 жылғы 23 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Қазылар алқасы мүшелерінің пікірі бойынша жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың саны мен сапасы артуда. Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 491 оқушы 16 секция бойынша (физика, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) 356 жобамен қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 275 қатысушы 198 жобамен жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломымен – 23 оқушы 17 жобамен, ІІ дәрежелі дипломымен – 94 оқушы 67 жобамен, ІІІ дәрежелі дипломымен – 158 оқушы 114 жобамен марапатталды.

Ғылыми жобалар конкурсында командаларға «Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы», «Қалалар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы», «Аудандар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациялары берілді.

«Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациясы «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне, қалалар арасында – Павлодар қ. құрама командасына, аудандар арасында –Павлодар ауданының құрама командасына табысталды.

Облыс кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 9-11 сынып оқушылары – 2018 жылғы 14 желтоқсанда жалпы орта білім беру пәндерінен тестілеуге қатысады. Осы тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберіледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 секция бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушы республикалық кезеңге қатысады.

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz

 

«Ертіс дарыны» өңірл