Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған қаулы жобасында 50 (елу) жастан аспаған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің жасын анықтау көзделген.
Қаулы жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында www.legalacts.egov.kz танысуға болады.
Фото: ашық көздерден
Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz